Егер үшбұрыштың табаны \(\displaystyle 9\) мм, ал биіктігі \(\displaystyle 5\)мм болса, оның ауданын табыңыз.
, мм2
Берілген үшбұрыштың ауданы жасыл және сұр үшбұрыштардың аудандарының қосындысына тең.
Жасыл үшбұрыштың ауданы жасыл тіктөртбұрыш ауданының жартысына, ал сұр үшбұрыштың ауданы сұр тіктөртбұрыш ауданының жартысына тең.
Демек, бұл үшбұрыштың ауданы жасыл және сұр тіктөртбұрыштардан тұратын тіктөртбұрыш ауданының жартысына тең. Жасыл және сұр тіктөртбұрыштар қабырғалары \(\displaystyle 9\)мм және \(\displaystyle 5\)мм болатын бір тіктөртбұрышты құрайды.
Осылайша, бұл үшбұрыштың ауданы қабырғалары \(\displaystyle 9\)мм және \(\displaystyle 5\)мм болатын тіктөртбұрыш ауданының жартысына тең:
\(\displaystyle \frac{9\cdot 5}{2}=22,5\) мм2.
Жауабы: \(\displaystyle 22,5\) мм2.
Біз үшбұрыштың ауданы табанға жүргізілген биіктіктің табанға көбейтіндісінің жартысына тең деген қорытындыға келдік.