Егер үшбұрыштың табаны \(\displaystyle 8\)см, ал биіктігі \(\displaystyle 3\)см болса, оның ауданын табыңыз.
см2
Берілген үшбұрыштың ауданы жасыл және қызыл үшбұрыш аудандарының қосындысына тең.
Жасыл үшбұрыштың ауданы жасыл тіктөртбұрыш ауданының жартысына, ал қызыл үшбұрыштың ауданы қызыл тіктөртбұрыш ауданының жартысына тең.
Демек, үшбұрыштың ауданы жасыл және қызыл тіктөртбұрыштардан тұратын тіктөртбұрыш ауданының жартысына тең. Жасыл және қызыл тіктөртбұрыштар қабырғалары \(\displaystyle 8\)см және \(\displaystyle 3\)см болатын бір тіктөртбұрышты құрайды.
Осылайша, берілген үшбұрыштың ауданы қабырғалары \(\displaystyle 8\)см және \(\displaystyle 3\)см болатын тіктөртбұрыш ауданының жартысына тең:
\(\displaystyle \frac{3\cdot 8}{2}=12\) см2.
Жауабы: \(\displaystyle 12\) см2.
Біз үшбұрыштың ауданы табанға жүргізілген биіктіктің табанға көбейтіндісінің жартысына тең деген қорытындыға келдік.