Төменде өрнек берілген
\(\displaystyle 7{,}234+6{,}789-1{,}567 {\small . }\)
Бөлшектерді жүздік үлеске дейін дөңгелектеу арқылы өрнектің мәнін табыңыз:
,
Егер дөңгелектелетін цифрдың оң жағында тұрған цифр \(\displaystyle 5\) үлкен немесе оған тең болса (яғни \(\displaystyle 5{\small , } \, 6{\small , } \, 7{\small , } \, 8\) немесе\(\displaystyle 9\) тең), онда дөңгелектелетін цифрға \(\displaystyle 1\) қосылады және дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтар алынып тасталады.
Егер дөңгелектелетін цифрдың оң жағында тұрған цифр \(\displaystyle 5\) кем болса (яғни \(\displaystyle 0{\small , } \, 1{\small , } \, 2{\small , } \, 3\) немесе \(\displaystyle 4\) тең), онда дөңгелектелетін цифр өзгеріссіз қалады және дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтар алынып тасталады.
Бірінші амал:
\(\displaystyle 7{,}2\underline{3}4\) ондық бөлшегін жүздікке дейін дөңгелектейік, яғни дөңгелектелетін цифр \(\displaystyle 3\) (асты сызылған цифр).
\(\displaystyle 7{,}2\underline{3}4\) санындағы дөңгелектелетін цифрдан кейінгі оң жақтағы бірінші цифр \(\displaystyle 4\) және \(\displaystyle 4<5 {\small}\) тең болғандықтан, онда дөңгелектелетін цифр өзгеріссіз қалады және дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтар алынып тасталады:
\(\displaystyle 7{,}2\underline{3}4 \rightarrow 7{,}23\).
Екінші амал:
\(\displaystyle 6{,}7\underline{8}9\) ондық бөлшегін жүздік үлеске дейін дөңгелектейік, яғни дөңгелектелетін цифр \(\displaystyle 8\) (асты сызылған цифр).
\(\displaystyle 6{,}7\underline{8}9\) санындағы дөңгелектелетін цифрдан кейінгі оң жақтағы бірінші цифр \(\displaystyle 9\) және \(\displaystyle 9>5 {\small,}\) тең болғандықтан, онда дөңгелектелетін цифрға \(\displaystyle 1\) қосып, дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтарды алып тастаймыз:
\(\displaystyle 6{,}7\underline{8}9 \rightarrow 6,79\).
Үшінші амал:
\(\displaystyle 1{,}5\underline{6}7\) ондық бөлшегін жүздік үлеске дейін дөңгелектейік, яғни дөңгелектелетін цифр \(\displaystyle 6\) (асты сызылған цифр).
\(\displaystyle 1{,}5\underline{6}7\) санындағы дөңгелектелетін цифрдан кейінгі оң жақтағы бірінші цифр \(\displaystyle 7\) және \(\displaystyle 7>5 {\small,}\) тең болғандықтан, онда дөңгелектелетін цифрға \(\displaystyle 1\) қосамыз және дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтар алынып тасталады:
\(\displaystyle 1{,}5\underline{6}7 \rightarrow 1{,}57\).
Төртінші амал:
Өрнектің мәнін есептейік:
\(\displaystyle 7{,}23+6{,}79-1{,}57=12{,}45 {\small . }\)
Жауабы: \(\displaystyle 12{,}45 {\small . }\)