\(\displaystyle 13,5346 {\small}\) ондық бөлшегін жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз:
,
Егер дөңгелектелетін цифрдың оң жағында тұрған цифр \(\displaystyle 5\) үлкен немесе оған тең болса (яғни \(\displaystyle 5{\small , } \, 6{\small , } \, 7{\small , } \, 8\) немесе\(\displaystyle 9\) тең), онда дөңгелектелетін цифрға \(\displaystyle 1\) қосылады және дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтар алынып тасталады.
Егер дөңгелектелетін цифрдың оң жағында тұрған цифр \(\displaystyle 5\) кем болса (яғни \(\displaystyle 0{\small , } \, 1{\small , } \, 2{\small , } \, 3\) немесе \(\displaystyle 4\) тең), онда дөңгелектелетін цифр өзгеріссіз қалады және дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтар алынып тасталады.
Есепте \(\displaystyle 13{,}5\underline{3}46\) ондық бөлшегін жүздік үлеске дейін дөңгелектеу қажет, яғни дөңгелектелетін цифр - \(\displaystyle 3\) (асты сызылған цифр).
\(\displaystyle 13{,}5\underline{3}46\) санындағы дөңгелектелетін цифрдан кейінгі оң жақтағы бірінші цифр \(\displaystyle 4\) және \(\displaystyle 4<5\) тең болғандықтан, онда дөңгелектелетін цифр өзгеріссіз қалады және дөңгелектелетін цифрдан кейін оң жақта тұрған қалған разрядтар алынып тасталады.
\(\displaystyle 13{,}5\underline{3}46 \rightarrow 13{,}53\)
Жауабы: \(\displaystyle 13{,}53{\small .}\)