Графикте атмосфералық қысымның теңіз деңгейінен биіктікке тәуелділігі көрсетілген. Көлденең осьте теңіз деңгейінен биіктік километрмен, тік осьте қысым сынап бағанының миллиметрімен байқалады.
Сынап бағанының \(\displaystyle 520\) миллиметріне атмосфералық қысым қандай биіктікте тең екенін графиктен анықтаңыз? Жауабыңызды километрмен беріңіз.
Шартта:
- көлденең осьте теңіз деңгейінен биіктік километрмен белгіленген;
- тік осьте қысым сынап бағанының миллиметрімен белгіленген.
Сынап бағанының \(\displaystyle 520\) миллиметріне атмосфералық қысым қандай биіктікте тең болатынын графиктен анықтау керек. Яғни, тік осьтегі \(\displaystyle 520\) мәнге сәйкес келетін көлденең осьтегі мәнді жауапта көрсету керек.
Тік осьте (қысым осінде) \(\displaystyle 520\) мәні белгіленбеген.
\(\displaystyle \color{blue}{520}\) нүктесі арқылы көлденең түзу сызамыз. Осы сызықпен графиктің барлық қиылысу нүктелері \(\displaystyle 520\) мм сынап бағанасы қысымына сәйкес келеді.
Графиктің және осы сызықтың қиылысатын жалғыз нүктесі бар.
Ол сәйкес келетін көлденең осьтің нүктесін анықтайық.
Бұл \(\displaystyle \color{red}{3}{\small }\) нүктесі екендігін көреміз.
Осылайша, \(\displaystyle 3\) км биіктікте атмосфералық қысым \(\displaystyle 520\) мм сын. бағ.тең.
Жауабы: \(\displaystyle 3{\small.}\)