Бөліндіні табыңыз және осы бөліндіге тең бөлшекті таңдаңыз:
\(\displaystyle 12 :\frac{16}{17}\,=\) |
Натурал санды бөлшекке бөлу
Натурал санды бөлшекке бөлу үшін ол санды кері бөлшекке көбейту керек.
Яғни, бөлшекке бөлу үшін келесіні орындау қажет:
1) оны аудару (алым мен бөлімінің орындарын ауыстыру);
2) алынған бөлшекке көбейту.
\(\displaystyle 12:\frac{16}{17}=12\cdot \frac{17}{16}=\frac{12\cdot 17}{16}=\frac{204}{16}\).
Енді \(\displaystyle \frac{204}{16}\) бөлшегін шешім нұсқаларының бірінде оған тең бөлшекті табу үшін \(\displaystyle 4\) бөліміне келтіру керек:
\(\displaystyle \frac{204}{16}=\frac{?}{4}\).
Ол үшін осы бөлшектің алымы мен бөлімін \(\displaystyle 4\)-ке бөлу керек (өйткені \(\displaystyle 4=16:4\)):
\(\displaystyle \frac{204}{16}=\frac{204:4}{16:4}=\frac{51}{4}\).
Жауабы: \(\displaystyle \frac{51}{4}\).
Егер \(\displaystyle 12=3\cdot4\) және \(\displaystyle 16=4\cdot4\) екенін ескерсек, онда төмендегіні аламыз:
\(\displaystyle 12:\frac{16}{17}=12\cdot \frac{17}{16}=\frac{12\cdot 17}{16}=\frac{3\cdot 4 \cdot 17}{4\cdot 4}=\) (4 қысқартамыз) \(\displaystyle =\frac{3\cdot {4\not}\cdot17}{4\cdot {4\not}}=\frac{3\cdot 17}{4}=\frac{51}{4}\).