Төмендегі өрнекке тең сандық өрнекті таңдаңыз\(\displaystyle 536+(135-67)\).
\(\displaystyle 536+(135-67)\) өрнегіне алдымен терімділік, содан кейін ауыстырымдылық заңы қолданылады.
Терімділік заңы
Кез келген \(\displaystyle x,\, y\) және \(\displaystyle z\) сандары үшін дұрыс
\(\displaystyle x+(y-z)=(x+y)-z\).
Сонда
\(\displaystyle 536+{\large(}135-67{\large)}=\) (терімділік заңы қолданылады) \(\displaystyle ={\large(}536+135{\large)}-67.\)
Ауыстырымдылық заңы
Кез-келген \(\displaystyle x\) және \(\displaystyle y\) сандары үшін дұрыс
\(\displaystyle x+y=y+x\).
Сонда
\(\displaystyle ({\bf 536 }+{\bf 135 })-67=\) (жақшадағы өрнекке ауыстырымдылық заңын қолданамыз) \(\displaystyle =({\bf 135 +536})-67.\)
Осылайша, \(\displaystyle {\bf 536+(135-67)=(135+536)-67}\).
Сонымен қатар,
\(\displaystyle 536-(135-67)=468=\not 604=536+(135-67)\),
\(\displaystyle 67+(536-135)=468=\not 604=536+(135-67)\),
\(\displaystyle {\bf (135+536)-67=604=536+(135-67)}\),
\(\displaystyle 135+536+67=738=\not 604=536+(135-67)\).
Жауабы: \(\displaystyle 536+(135-67)=(135+536)-67.\)