\(\displaystyle 20\)қораптағы сіріңке саны жиілік кестесі түрінде берілген:
Сіріңке
Мән | Жиілік |
\(\displaystyle 47\) | \(\displaystyle 1\) |
\(\displaystyle 49\) | \(\displaystyle 1\) |
\(\displaystyle 50\) | \(\displaystyle 6\) |
\(\displaystyle 51\) | \(\displaystyle 9\) |
\(\displaystyle 52\) | \(\displaystyle 2\) |
\(\displaystyle 53\) | \(\displaystyle 1\) |
Қосынды: | \(\displaystyle 20\) |
Осы қораптардағы сіріңкелердің орташа санын табыңыз.
Шарт бойынша \(\displaystyle 20\) қораптағы сіріңке саны туралы ақпарат жиілік кестесі түрінде берілген:
Сіріңке
Мән | Жиілік |
\(\displaystyle 47\) | \(\displaystyle \color{grey}1\) |
\(\displaystyle 49\) | \(\displaystyle \blue1\) |
\(\displaystyle 50\) | \(\displaystyle \orange6\) |
\(\displaystyle 51\) | \(\displaystyle \purple9\) |
\(\displaystyle 52\) | \(\displaystyle \green2\) |
\(\displaystyle 53\) | \(\displaystyle \red1\) |
Қосынды: | \(\displaystyle 20\) |
Берілген қораптардағы сіріңкелердің орташа санын табу қажет.
Қораптардағы сіріңкелер санынан тұратын сандық жиын бар.
Берілген сандық жиында \(\displaystyle 20\) сан бар.
Жиында
- Бір рет \(\displaystyle "47"{\small }\)мәні кездеседі,
- Бір рет \(\displaystyle "49"{\small }\)мәні кездеседі,
- Алты рет \(\displaystyle "50"{\small }\)мәні кездеседі,
- Тоғыз рет \(\displaystyle "51"{\small }\)мәні кездеседі,
- Екі рет \(\displaystyle "52"{\small }\)мәні кездеседі,
- Бір рет \(\displaystyle "53"{\small }\)мәні кездеседі.
Жиынның барлық сандарының қосындысын табамыз:
\(\displaystyle {\small жиынның \ барлық \ сандарының \ қосындысы}=\color{grey}{1}\cdot 47 + \blue1\cdot 49 + \orange 6\cdot 50 + \purple9\cdot 51+ \green2\cdot 52+ \red1\cdot 53=\)
\(\displaystyle =47+ 49+ 300+ 459+104+53=1012{\small .}\)
Онда,
\(\displaystyle {\rm\small орташа \ мән}=\frac{\small жиынның \ барлық \ сандарының \ қосындысы}{\small жиын \ сандарының \ саны}=\frac{1012}{20}=50{,}6{\small .}\)
Жауабы: \(\displaystyle 50{,}6{\small .}\)