Төмендегі теңсіздікті қанағаттандыратын \(\displaystyle a{\small }\) параметрінің мәндерін таңдаңыз:
\(\displaystyle a \ge -1{\small . }\)
Қатаң емес теңсіздік
Кейбір \(\displaystyle a\) саны үшін \(\displaystyle x \ge a\) теңсіздігі \(\displaystyle x>a{\small }\) немесе \(\displaystyle x =a{\small }\) дегенді білдіреді.
Бізден \(\displaystyle a \ge -1{\small }\) теңсіздігін қанағаттандыратын \(\displaystyle a{\small }\) параметрінің мәндерін таңдау сұралады.
Бұл \(\displaystyle a\) параметрінің мәні \(\displaystyle -1{\small } \)-ден үлкен немесе оған тең болуы керек дегенді білдіреді.
Жауап нұсқаларының әрқайсысын тексерейік.
1. \(\displaystyle a= 3\)
\(\displaystyle 3 >-1{\small } \) болғандықтан, онда бұл мән теңсіздікті қанағаттандырады.
2. \(\displaystyle a= -3\)
\(\displaystyle -3<-1{\small } \) болғандықтан, онда бұл мән теңсіздікті қанағаттандырмайды.
3. \(\displaystyle a=0 \)
\(\displaystyle 0> -1{\small } \) болғандықтан, онда бұл мән теңсіздікті қанағаттандырады.
4. \(\displaystyle a= -1\)
\(\displaystyle a \) параметрі \(\displaystyle -1{\small } \) тең болуы мүмкін болғандықтан, онда бұл мән теңсіздікті қанағаттандырады.
5. \(\displaystyle a= -10\)
\(\displaystyle -10<-1{\small } \) болғандықтан, онда бұл мән теңсіздікті қанағаттандырмайды.
Жауабы: \(\displaystyle a=3{\small , } \,\,a=0 \) және \(\displaystyle a=-1{\small . } \)