Skip to main content

Теориясы: Көпмүшенің түсінігі, оның стандартты түрі, көпмүшенің дәрежесі

Тапсырма

Берілген өрнектерден көпмүшелерді таңдаңыз.

Шешім

Определение

Бір айнымалысы бар көпмүше

Бір айнымалысы бар көпмүше – бұл бір айнымалысы бар бірмүшелердің қосындысы немесе айырмасы.

Бізге берілген өрнектерді ретімен тексереміз:

  • \(\displaystyle \frac{7}{29}x^{\,6}+x-0{,}2\frac{1}{x^{\,7}}+2\frac{1}{9}\) –  бұл өрнек көпмүше емес, себебі \(\displaystyle 0{,}2\frac{1}{x^{\,7}}\) қосылғышы бірмүше болып табылмайды;
  • \(\displaystyle \frac{1}{1{,}2z^{\,4}}-3z^{\,2}+1\) –  бұл өрнек көпмүше емес, себебі \(\displaystyle \frac{1}{1{,}2z^{\,4}}\) қосылғышы бірмүше болып табылмайды;
  • \(\displaystyle 16y^{\, 3}+17y^{\,2}+9y+6\) –  бұл өрнек – көпмүше, себебі бұл бірмүшелердің қосындысы;
  • \(\displaystyle 15x^{\,2}+2x^{\,3}+\frac{1}{x}-1\) –  бұл өрнек көпмүше емес, себебі \(\displaystyle \frac{1}{x}\) қосылғышы бірмүше болып табылмайды;  
  • \(\displaystyle -u^{\,10042}+2u^{\,1999}-u^{\, 8881}+u\) – бұл өрнек – көпмүше, себебі бұл \(\displaystyle u{\small }\) айнымалысы бар бірмүшелердің қосындысы мен айырмасы.