Назым ауылға әжесіне қонаққа келген сайын, әжесі оның шашын өреді. Сондай-ақ, Назым дене шынықтыруға барған кезде әрқашан шашын өреді. Берілген шарттарға сәйкес дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.
1) Назымның шашы өрілген сайын ол ауылда болады.
2) Егер Назымның шашы өрілмеген болса, онда ол әжесінің үйінде қонақта емес.
3) Егер Назымның шашы өрілмеген болса, онда бүгін дене шынықтыру сабағы бар.
4) Назым дене шынықтыру бойынша жүгіру нормативін тапсырған кезде, шашы өрулі болады.
Жауапта бос орындар, үтірлер және басқа қосымша таңбаларсыз таңдалған тұжырымдардың нөмірлерін жазыңыз.
Шарт бойынша келесі тұжырымдар дұрыс:
- Назым ауылға әжесіне қонаққа келген сайын, әжесі оның шашын өреді;
- Назым дене шынықтыру сабағына барғанда әрқашан шашын өреді.
Берілген шарттарда дұрыс тұжырымдарды таңдау қажет.
Тұжырымдарды кезекпен қарастырамыз.
\(\displaystyle 1)\) Назымның шашы өрілген сайын ол ауылда болады.
Шарттан шығатыны: Назым ауылда болғанда, әжесі оның шашын өріп береді, яғни Назым ауылда шашын өріп жүреді.
Сұрақ: Егер Назымның шашы өрілген болса, ол міндетті түрде ауылда болады ма?
Тапсырманың шарты бойынша, егер Назымның шашы өрілген болса,онда ол міндетті түрде ауылда болады делінбеген. Сондықтан сіз барлық нұсқаларды қарастыруымыз керек.
Мысалы, оның дене шынықтыру сабағында шашы өріліп жүреді.
Назымның шашының өруінің басқа себептері болуы мүмкін.
Сондықтан \(\displaystyle 1\)- тұжырым жалған.
\(\displaystyle 2)\) Егер Назымның шашы өрілмеген болса, онда ол әжесінің үйніде қонақта емес.
Шарттан шығатыны: Назым ауылға әжесіне қонаққа келген сайын, әжесі оның шашын өреді.
Демек, егер Назым әжесіне қонаққа барса, әжесі оның шаштарын өретін еді.
Бұдан шығатыны, егер Назымның шашы өрілмеген болса, ол әжесіне бармаған.
Сондықтан \(\displaystyle 2\) тұжырым дұрыс.
\(\displaystyle 3)\) Егер Назым шашы өрілмеген болса, онда бүгін дене шынықтыру сабағы болады.
Тапсырманың шарты бойынша Назым дене шынықтыруға барғанда әрқашан шашын өреді.
Бұдан шығатыны, егер Назым шашын өрмесе, онда ол бүгін дене шынықтыруға бармайды.
Демек, бүгінде дене шынықтыру жоқ.
Сондықтан \(\displaystyle 3\)-тұжырым жалған болып табылады.
\(\displaystyle 4)\) Назым дене шынықтыру бойынша жүгіру нормативін тапсырған кезде, шашы өрулі болады.
Ұсынылған тұжырымда Назым дене шынықтыру нормативін тапсырады делінген.
Тапсырманың шарты бойынша Назым дене шынықтыруға барғанда әрқашан шашын өреді делінген.
Демек, дене шынықтыру сабағында норматив тапсыру кезінде Назым шашын өріп жүреді.
Сондықтан \(\displaystyle 4\)-тұжырым дұрыс.
Осылайша, \(\displaystyle 2\) және \(\displaystyle 4\) тұжырымдар дұрыс болып табылады.
Жауабы: \(\displaystyle 24 {\small .}\)