Түзу призманың көлемі \(\displaystyle 120\small \) бүйір қабырғасы \(\displaystyle 5\small \) тең. Осы призманың табанының ауданын табыңыз.
Түзу призма
Призманың бүйір қабырғалары табандарына перпендикуляр болса, онда призманы түзу деп атайды.
Есептің шарты бойынша призманың табанының ауданын табу керек.
Түзу призманың көлемін есептеу үшін формуланы қолданайық.
Түзу призманың көлемі
Түзу призманың көлемі \(\displaystyle V\) табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.
\(\displaystyle V=S_{табан } \cdot h { \small ,} \)
мұндағы \(\displaystyle S_{табан } \) – табан ауданы,
\(\displaystyle h\) – призманың биіктігі.
Призманың көлемі \(\displaystyle V=120\small\) тең. Түзу призманың биіктігі оның бүйір қабырғасы \(\displaystyle h=5\small\) тең.
Төмендегіні аламыз
\(\displaystyle V=S_{табан } \cdot h { \small ,} \)
\(\displaystyle 120=S_{табан } \cdot 5 { \small ,} \)
\(\displaystyle S_{табан }=120:5 \small , \)
\(\displaystyle S_{табан }=24 \small . \)
Жауабы: \(\displaystyle 24 \small. \)