\(\displaystyle 18\) саны \(\displaystyle 5\%\)-ын құрайтын санды табыңыз.
Бірінші әдіс (тура пропорционалдылық арқылы).
\(\displaystyle x\) – ізделініп отырған сан болсын, яғни \(\displaystyle 18\) саны \(\displaystyle x\) санының \(\displaystyle 5\%\) құрайды.
Сонда келесі қатынасты жазуға болады:
\(\displaystyle x\) | \(\displaystyle 100\%\), | |
\(\displaystyle 18\) | \(\displaystyle 5\%\). |
Бұл сәйкестік тура пропорционалдылық болып табылады, себебі санның бір бөлігі бірнеше есе артқан сайын, осы бөлікке сәйкес келетін пайыздар да артады.
Сонда тура пропорцияның қатынасынан келесі теңдікті жазайық:
\(\displaystyle x\cdot 5=100 \cdot 18\),
\(\displaystyle x=\frac{100 \cdot 18}{5}\),
\(\displaystyle x=360\).
Жауабы: \(\displaystyle 360\).
Екінші әдіс (пайыздарды анықтау бойынша).
Егер \(\displaystyle 18\) – бұл \(\displaystyle 5\%\) екендігі белгілі болса, онда \(\displaystyle 1\%\) - \(\displaystyle \frac{18}{5}\) құрайды.
Сонда ізделініп отырған сан \(\displaystyle 100\%\) сәйкес келеді және келесіге тең:
\(\displaystyle \frac{18}{5}\cdot 100=\frac{1800}{5}=360\).
Жауабы: \(\displaystyle 360\).