Skip to main content

Теориясы: Пайыздар

Тапсырма

\(\displaystyle 550\)-ден \(\displaystyle 88\) қанша пайызды құрайды?

\(\displaystyle \%\)

Шешім

Бірінші әдіс (пропорция).

\(\displaystyle 88\) саны \(\displaystyle 550\) санының \(\displaystyle x\%\) құрайтын болсын.

Сонда келесі қатынасты жазуға болады:

\(\displaystyle 550\)           \(\displaystyle 100\%\),
\(\displaystyle 88\)           \(\displaystyle x\%\).

 

Бұл сәйкестік тура пропорционалдылық болып табылады, себебі сан бірнеше есе өскен сайын, осы санға сәйкес келетін пайыздар да сонша есе артады.

Сонда тура пропорцияның қатынасынан келесі теңдікті жазайық:

\(\displaystyle x\cdot 550=100 \cdot 88\).

 

Осы теңдіктің екі бөлігін де \(\displaystyle 550\)-ге бөліп , келесіні аламыз:

\(\displaystyle x=\frac{100 \cdot 88}{550}\),

\(\displaystyle x=\frac{8800}{550}\),

\(\displaystyle x=16\).

Жауабы: \(\displaystyle 16\%\).

 

 

Екінші әдіс (пайыздарды анықтау бойынша).

Егер \(\displaystyle 550\) – бұл \(\displaystyle 100\%\) екендігі белгілі болса, онда \(\displaystyle 1\%\) - \(\displaystyle \frac{550}{100}\)құрайды. \(\displaystyle 88\) санында мұндай қанша пайыз болады? деген сұрақ туындайды.

Яғни, \(\displaystyle 88\)-ді \(\displaystyle \frac{550}{100}\) бөлу қажет:

 

\(\displaystyle 88:\frac{550}{100}=88\cdot \frac{100}{550}=\frac{88\cdot 100}{550}=16\).

Жауабы: \(\displaystyle 16\%\).