Skip to main content

Теориясы: Ондық бөлшектердің көбейтіндісінде үтір қою

Тапсырма

Көбейтіндіні табыңыз:

\(\displaystyle 0,197 \cdot 0,0088=\) \(\displaystyle ,\)

егер \(\displaystyle 197\cdot 88=17336\) екені белгілі болса.

Шешім

Правило

Ондық бөлшектерді көбейту

Ондық бөлшектерді көбейту үшін төмендегілерді орындау қажет:

1) әрқайсысында үтірден кейін қанша разряд болғанын есте сақтай отырып, осы бөлшектердің үтірлерін алып тастау және алынған натурал сандарды көбейту;

2) көбейтіндіде оңнан солға (\(\displaystyle \leftarrow\)) ондық бөлшектердің екеуінде де үтірден кейін барлығы қанша разряд болса, сонша цифрды санап, сол жерге үтір қою (қажет болса, сол жақтан қажетті нөлдерді қосуға болады).

Ондық бөлшекКөбейтуОндық бөлшек
\(\displaystyle \leftarrow\)\(\displaystyle \times\)\(\displaystyle \leftarrow\)

 

1. Бірінші амал:

\(\displaystyle 0,197\rightarrow 0197\rightarrow 197\) (үтірден кейін үш разряд болды),

\(\displaystyle 0,0088\rightarrow 00088 \rightarrow 88\) (үтірден кейін төрт разряд болды),

\(\displaystyle 197\cdot 88=17336\).

 

2. Екінші амал:

 

\(\displaystyle 197\)\(\displaystyle \times\)\(\displaystyle 88\)\(\displaystyle =\)\(\displaystyle 17336\)
\(\displaystyle \leftarrow\) \(\displaystyle \leftarrow\) \(\displaystyle \leftarrow\)
\(\displaystyle 3\) разряд солғажәне\(\displaystyle 4\) разряд солға=\(\displaystyle 3+4=7\) разряд солға

 

Осылайша, көбейтіндіде оңнан солға қарай (\(\displaystyle \leftarrow\)) \(\displaystyle 3+4=7\) разряд санап, санның басында қажетті нөлдер санын қосып, үтір қоямыз: 

\(\displaystyle 17336=00017336,\rightarrow 0,0017336\).

Жауабы: \(\displaystyle 0,197 \cdot 0,0088=0,0017336\).