Skip to main content

Теориясы: Ондық бөлшектердің көбейтіндісінде үтір қою

Тапсырма

Көбейтіндіні табыңыз:

\(\displaystyle 161,6 \cdot 1,25=\) \(\displaystyle ,\)

Егер \(\displaystyle 1616\cdot 125=202000\) екені белгілі болса.

Шешім

Правило

Ондық бөлшектерді көбейту

Ондық бөлшектерді көбейту үшін төмендегілерді орындау қажет:

1) әрқайсысында үтірден кейін қанша разряд болғанын есте сақтай отырып, осы бөлшектердің үтірлерін алып тастау және алынған натурал сандарды көбейту;

2) көбейтіндіде оңнан солға (\(\displaystyle \leftarrow\)) ондық бөлшектердің екеуінде де үтірден кейін барлығы қанша разряд болса, сонша цифрды санап, сол жерге үтір қою (қажет болса, сол жақтан қажетті нөлдерді қосуға болады).

Ондық бөлшекКөбейтуОндық бөлшек
\(\displaystyle \leftarrow\)\(\displaystyle \times\)\(\displaystyle \leftarrow\)

 

1. Бірінші амал:

\(\displaystyle 161,6\rightarrow 1616\) (үтірден кейін бір разряд болды),

\(\displaystyle 1,25\) (үтірден кейін екі разряд),

\(\displaystyle 1616\cdot 125=202000\).

 

2. Екінші амал:

 

\(\displaystyle 1616\)\(\displaystyle \times\)\(\displaystyle 125\)\(\displaystyle =\)\(\displaystyle 202000\)
\(\displaystyle \leftarrow\) \(\displaystyle \leftarrow\) \(\displaystyle \leftarrow\)
\(\displaystyle 1\) разряд солғажәне\(\displaystyle 2\) разряд солға=\(\displaystyle 1+2=3\) разряд солға

 

Осылайша, көбейтіндіде оңнан солға қарай (\(\displaystyle \leftarrow\)) \(\displaystyle 1+2=3\) разряд санап, үтір қоямыз: 

\(\displaystyle 202000=202000,\rightarrow 202,000=202\).

Жауабы: \(\displaystyle 161,6 \cdot 1,25=202\).