\(\displaystyle 83\) саны жай ма?
Жай сан белгісі
1. Өз-өзіне көбейту кезінде бастапқы саннан аспайтын санды беретін барлық жай сандарды жазу қажет.
2. Сан, егер ол 1-тармақта жазылған жай сандардың ешқайсысына бөлінбесе, жай сан болып табылады.
\(\displaystyle 83\) санын қарастырайық.
1. Өз-өзіне көбейту кезінде \(\displaystyle 83\)-тен аспайтын сан беретін жай сандар - ол
\(\displaystyle 2, 3, 5, 7\).
2. \(\displaystyle 83\) саны \(\displaystyle 2\), \(\displaystyle 3\), \(\displaystyle 5\) және \(\displaystyle 7\)-ге бөлінбейді, сондықтан \(\displaystyle 83\) – жай сан.
Жауабы: иә, бұл жай сан.