\(\displaystyle 2718\cdot 999\) сандарының көбейтіндісі \(\displaystyle 5\)-ке бөліне ме?
Көбейткіштердің кем дегенде біреуі \(\displaystyle 5\)-ке бөлінсе, екі санның көбейтіндісі \(\displaystyle 5\)-ке бөлінеді.
Көбейткіштердің ешқайсысы \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбесе, екі санның көбейтіндісі \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.
\(\displaystyle 2718\cdot 999\) көбейтіндісіндегі әр көбейткішті қарастырайық.
1.\(\displaystyle 2718\) саны \(\displaystyle 8\) цифрымен аяқталатындықтан, \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.
2. \(\displaystyle 999\) саны \(\displaystyle 9\) цифрымен аяқталатындықтан, \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.
Біз көбейтіндіде \(\displaystyle 5\)-ке бөлінетін көбейткішті таппадық.
Жауабы: жоқ, \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.