\(\displaystyle 5\)-ке бөлінетін сандарды таңдаңыз.
5-ке бөлінгіштік белгісі
Санның соңғы цифры (бірлік разрядындағы цифр) \(\displaystyle 5\) немесе \(\displaystyle 0\) болған кезде ғана сан \(\displaystyle 5\) -ке бөлінеді.
Яғни, егер санның соңғы цифры \(\displaystyle 0\) немесе \(\displaystyle 5\) тең болса, онда сан \(\displaystyle 5\)-ке бөлінеді.
Егер санның соңғы цифры \(\displaystyle 0\) немесе \(\displaystyle 5\) тең болмаса, онда сан \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.
1. \(\displaystyle 201{\bf0}\) санының соңғы цифры – ол \(\displaystyle 0\), демек,\(\displaystyle 201{\bf0}\) саны \(\displaystyle 5\)-ке бөлінеді.
2. \(\displaystyle 201{\bf1}\) санының соңғы цифры – ол \(\displaystyle 1\), демек, \(\displaystyle 2011\) саны \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.
3. \(\displaystyle 201{\bf3}\) санының соңғы цифры – ол \(\displaystyle 3\), демек, \(\displaystyle 2013\) саны \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.
4. \(\displaystyle 201{\bf5}\) санының соңғы цифры – ол \(\displaystyle 5\), демек, \(\displaystyle 2015\) саны \(\displaystyle 5\)-ке бөлінеді.
Жауабы: \(\displaystyle 2010\) және \(\displaystyle 2015\).