Skip to main content

Теориясы: Дәреженің мәнін есептеу-2

Тапсырма

Калькуляторды пайдаланбай, сандық өрнектің мәнін табыңыз:
 

\(\displaystyle 2^{\,3}\cdot 0,7^{\,3} \cdot 5^{\, 3}=\)

Шешім

Алдымен көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін екі рет қолданамыз:

\(\displaystyle 2^{\,3}\cdot 0,7^{\,3} \cdot 5^{\, 3}=\left(2\cdot 0,7\right)^{\,3}\cdot 5^{\, 3}=\left(2\cdot 0,7\cdot 5\right)^{\,3}. \)

Енді жақшадағы көбейткіштерді көбейтейік:

\(\displaystyle 2\cdot 0,7\cdot 5=2\cdot 5\cdot 0,7=10\cdot 0,7=7.\)

Сонда

\(\displaystyle \left(2\cdot 0,7\cdot 5\right)^{\,3}=7^3=343. \)

Осылайша,

\(\displaystyle 2^{\,3}\cdot 0,7^{\,3} \cdot 5^{\, 3}=343. \)

Жауабы: \(\displaystyle 343.\)