Skip to main content

Теориясы: Оқиғалардың қосындысы. Үйлесімсіз оқиғалар

Тапсырма

Определение

 \(\displaystyle A\) және \(\displaystyle B\) оқиғаларының қосындысы деп \(\displaystyle A\) немесе \(\displaystyle B\) оқиғаларының кем дегенде біреуінің басталуынан тұратын оқиғаны атайды.

\(\displaystyle A\) және \(\displaystyle B\) оқиғаларының қосындысы  \(\displaystyle A+ B\) деп белгілейміз.

Қорапта әр түрінен бір-бір шахмат фигурасы бар:

қара және ақ пешкалар; қара және ақ ладьялар; қара және ақ аттар; қара және ақ пілдер; қара және ақ уәзірлер; қара және ақ патшалар

Қораптан бір фигураны шығарады.

\(\displaystyle A\) оқиғасы – ақ фигураны шығарды.

\(\displaystyle B\) оқиғасы – атты шығарды.

\(\displaystyle A+B\) оқиғасына қолайлы барлық нәтижелерді таңдаңыз.

Шешім

\(\displaystyle A+B\) оқиғасы-ақ фигураны немесе атты шығарды.

Онда  \(\displaystyle A+B\) оқиғасы ақ фигураны шағарған барлық нәтижелерге қолайлы:

"Қораптан ақ уәзір шығарылды" және "Қораптан ақ ат шығарылды".

Және ат шығарылған барлық нәтижелер:

"Қораптан ақ ат шығарылды" және "Қораптан қара ат шығарылды".

Осылайша, ұсынылған нұсқалардың ішінен \(\displaystyle A+B{\small:}\)  оқиғасы үшін қолайлы нәтижелер:

  • Қораптан ақ уәзір шығарылды.
  • Қораптан ақ ат шығарылды.
  • Қораптан қара ат шығарылды.