Диаграммада Теміртаудағы \(\displaystyle 2002\) жылдың әр айындағы орташа айлық ауа температурасы көрсетілген. Көлденеңінен айлар, ал тігінен температура градус Цельсий бойынша белгіленген. Берілген диаграмма бойынша орташа айлық температура қанша ай \(\displaystyle 6\) градус Цельсийден жоғары болмағанын анықтаңыз.
Температураны көрсететін диаграмма осін қарастырайық. Ол жердегі \(\displaystyle 4\) градус және \(\displaystyle 8\) градус белгілерін табайық. \(\displaystyle 6\) градус белгісі олардың дәл ортасында болады:
Диаграммада \(\displaystyle 6\) градус Цельсийге сәйкес келетін көлденең түзу сызыңыз:
Солдан оңға қарай бағандар бойымен қозғала отырып, біз төбесі таңдалған сызықтан жоғары емес бағандарды ретімен нөмірлейміз:
Нөмірленген бағандардың соңғысы \(\displaystyle 7.\) Демек, сәйкес келетін бағандар жалпы саны \(\displaystyle 7.\)
Жауабы: \(\displaystyle 7.\)