Skip to main content

Теориясы: Қағидаларды талдау (жиындар)

Тапсырма

Фирманың кейбір қызметкерлері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда, ал кейбіреулері теңізде демалды. Теңізде демалмаған барлық қызметкерлер саяжайда демалды. Көрсетілген шарттардағы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.      

1) \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда демалмаған осы фирманың қызметкері, теңізде де демалмаған.
2) Бұл фирманың әрбір қызметкері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда, теңізде немесе екеуінде де демалды.
3) Егер осы фирманың қызметкері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда демалмаса, онда ол теңізде демалды.
4) Егер Ғалия \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда де, теңізде де демалмаса, онда ол осы фирманың қызметкері болып табылады.

Жауапта бос орындар, үтірлер және басқа қосымша таңбаларсыз таңдалған тұжырымдардың нөмірлерін жазыңыз.

 

Шешім

Есептің шартын талдайық:

  • фирманың кейбір қызметкерлері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда демалды;
  • фирманың кейбір қызметкерлері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында теңізде демалды. 

Сонымен қатар:

  • теңізде демалмаған барлық қызметкерлер саяжайда демалды.  

 

Тұжырымдарды талдауға көшейік.

\(\displaystyle 1\) тұжырымдамасы жалған

\(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда демалмаған осы фирманың қызметкері, теңізде де демалмаған .     

Шарт бойынша:

  •  теңізде демалмаған барлық қызметкерлер саяжайда демалды.

Сондықтан, егер қызметкер саяжайда демалмаса, онда ол теңізде мінднтті түрде демалды.    

\(\displaystyle 2\) тұжырымдамасы дұрыс

Бұл фирманың әрбір қызметкері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда, теңізде немесе екеуінде де демалды.    

Шарт бойынша: 

  • теңізде демалмаған барлық қызметкерлер саяжайда демалды.

Демек, фирманың әрбір қызметкері саяжайда, теңізде немесе екеуінде де демалды.     

\(\displaystyle 3\) тұжырымдамасы дұрыс

Егер осы фирманың қызметкері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда демалмаса, онда ол теңізде демалды.   

Шарт бойынша

  • теңізде демалмаған барлық қызметкерлер саяжайда демалды.

Сондықтан, егер фирма қызметкері \(\displaystyle 2013\\) жылдың жазында саяжайда демалмаса, онда ол теңізде демалды (әйтпегенде, ол саяжайда демалатын еді).    

\(\displaystyle 4\) тұжырымдамасы жалған

Егер Ғалия \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда де, теңізде де демалмаса, онда ол осы фирманың қызметкері болып табылады.     

Біз фирманың барлық қызметкерлері \(\displaystyle 2013\) жылдың жазында саяжайда, теңізде немесе екеуінде де демалғанын білдік.   

Ғалия екі жерде де демалмады. Сондықтан фирманың қызметкері болып табылмайды. 

Замечание / комментарий

Есептің шартында барлық тұжырымдар тек фирма қызметкерлері үшін берілген.   

Басқа адамдар туралы ештеңе айтылмайды.    

Сондықтан, Ғалия саяжайда немесе теңізде демалса да, ол фирманың қызметкері деп айтуға болмайды.      

Осылайша, \(\displaystyle 2\) және \(\displaystyle 3\) тұжырымдары дұрыс болып табылады.    

Бұл нөмірлерді жауапта бос орындар, үтірлер және басқа қосымша таңбаларсыз көрсету қажет.

Жауабы: \(\displaystyle 23 {\small .}\)