Skip to main content

Теориясы: Периметрлер. Аудандар.

Тапсырма

Саяжай учаскесі тіктөртбұрыш тәрізді, оның қабырғалары \(\displaystyle 40\)м және \(\displaystyle 30\)м тең. Учаскеде орналасқан үй тіктөртбұрыш тәрізді, оның қабырғалары \(\displaystyle 9\)м және \(\displaystyle 6\)м тең. Учаскенің қалған бөлігінің ауданын табыңыз. Жауапты шаршы метрмен беріңіз.                                 

 

Шешім

Учаске мен үй тіктөртбұрыш пішінге ие болғандықтан, олардың аудандарын тіктөртбұрыштың ауданы формуласы бойынша табамыз

\(\displaystyle S=a \cdot b\small, \)

мұндағы \(\displaystyle a\) және \(\displaystyle b\) – тіктөртбұрыштың іргелес қабырғаларының ұзындығы.    


Учаскенің қабырғалары \(\displaystyle 40\)м және \(\displaystyle 30\)м тең. Демек,   

\(\displaystyle S_{\scriptsize{учаске}}=40 \cdot 30= 1200 \)(шаршы м)


Үйдің қабырғалары \(\displaystyle 9\)м және \(\displaystyle 6\)м тең. Демек,     

\(\displaystyle S_{\scriptsize{үй}}=9\cdot 6= 54\)(шаршы м)


Учаскенің қалған бөлігінің ауданын табу үшін бүкіл учаскенің ауданынан үй алып жатқан аумақты азайтыңыз. Яғни           

\(\displaystyle S_{\scriptsize{учаскенің\ қалған\ бөліктері}}=S_{\scriptsize{учаске}}-S_{\scriptsize{үй}} \small,\)

\(\displaystyle S_{\scriptsize{учаскенің\ қалған\ бөліктері}}=1200-54=1146\)(шаршы м)

Жауабы: \(\displaystyle 1146 \small. \)