Skip to main content

Теориясы: 02 Бетінің ауданы, периметрі, көлемі

Тапсырма

Саяжай учаскесінің иесі бу бөлмесі бар монша салуда. Бу бөлмесінің өлшемдері: ұзындығы \(\displaystyle 3{,}5\)м, ені \(\displaystyle 2{,}2\)м, биіктігі \(\displaystyle 2\)м. Бу бөлмесінде терезелер жоқ, ішке кіру үшін ені \(\displaystyle 60\)см есік жоспарланған, есік ойығының биіктігі \(\displaystyle 1{,}8\)м. Бу бөлмесін жылыту үшін электр немесе ағаш пешті пайдалануға болады. 

Есіктің ауданын табыңыз. Жауабын шаршы метрмен беріңіз.

Шешім

Есіктің ауданын табу керек.

Есік тіктөртбұрыш тәрізді.

Тапсырманың шарты бойынша есіктің ені \(\displaystyle 60\)см, ал есіктің биіктігі (яғни ұзындығы) \(\displaystyle 1{,}8\)м.    

Есептеу үшін ұзындығы мен ені бірдей өлшем бірліктеріне ие болуы керек. Жауапты шаршы метрмен беру керек болғандықтан, енін метрге айналдырайық:   

\(\displaystyle 60\)см = \(\displaystyle 0{,}6\)м.

Тіктөртбұрыштың ауданы оның қабырғаларының ұзындығының көбейтіндісіне тең. Демек, есіктің ауданы 

\(\displaystyle S_{есік}=0{,}6 \cdot 1{,}8=1{,}08\)шаршы м.

Бұл шаманы жауапта көрсетеміз.

Жауабы: \(\displaystyle 1{,}08\)