Skip to main content

Теориясы: 02 Арақашықтық

Тапсырма

Жазда Нұрбол мен әкесі Лашын ауылында тұрады. Сенбіде олар велосипедпен Вятское ауылындағы велосипед дүкеніне бармақшы. Лашын ауылынан Вятское ауылына тікелей орманды жолымен жүруге болады. Кемеңгер ауылы арқылы Матай ауылына дейін түзу сызықты тас жолдан Вятскоре ауылына апаратын басқа тас жолға солға бұрылатын ұзағырақ жол бар. Кемеңгер ауылына тоғанның жанынан өтіп Вятское ауылына тікелей жолмен жететін үшінші бағыт бар.

Орманды жол мен жалғыз аяқ жол тас жолмен тікбұрышты үшбұрыштар құрайды.

 

Жоспарда әрбір торкөз қабырғасының ұзындығы \(\displaystyle 1\)км тең нүктелердің өзара орналасуы көрсетілген.   

Тас жол тұтас сызықпен, орманды жол мен жалғыз аяқ жол – нүктелі сызықпен белгіленген.    

Елді мекендер тиісті сандармен белгіленген:

Елді мекендерКемеңгер а.Вятское а.Матай а.Лашын а.
Сандар\(\displaystyle \bf1\)\(\displaystyle \bf2\)\(\displaystyle \bf3\)\(\displaystyle \bf4\)

Нұрбол әкесімен бірге Матай ауылы арқылы Лашын ауылынан Вятское ауылына дейін тас жолмен жүрсе, қанша километр жүреді?    

Шешім

Матай ауылы арқылы Лашын ауылынан Вятское ауылына дейінгі қашықтықты табу қажет.     

Ыңғайлы болу үшін жоспардағы нүктелерді елді мекендер атауларының бірінші әріптерімен белгілейміз .   

 

Суреттен Лашыннан Матайға және Матайдан Вятскоеға дейінгі қашықтықты екі қашықтықтың қосындысы ретінде есептеуге болатындығын көреміз.

Біз торкөздерге сәйкес кесінділердің ұзындығын табамыз:

 \(\displaystyle \mathbf {ЛM}=15, \,\mathbf {MВ}=8\)торкөз.

Лашыннан Вятскоеға дейінгі тас жол бойындағы қашықтық \(\displaystyle 15+8=23\)торкөз екен.    

Шарт бойынша торкөз қабырғасының ұзындығы \(\displaystyle 1\)км.  Сондықтан \(\displaystyle 23\) торкөздегі қашықтық \(\displaystyle 23\)км-ге сәйкес келеді.    

Жауабы: \(\displaystyle 23\)