Skip to main content

Теориясы: Жай бөлшектермен жүргізілетін аралас амалдар

Тапсырма

Бөлшектердің қосындысы мен айырмасын табыңыз (жауапты ондық бөлшек немесе бүтін сан түрінде беріңіз):

\(\displaystyle \frac{5}{8}+\frac{3}{8}=\)  және \(\displaystyle \frac{5}{8}-\frac{3}{8}=\)

Шешім

Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын қосып, бөлімін сол күйінде қалдыру керек:

\(\displaystyle \frac{5}{8}+\frac{3}{8}=\frac{5+3}{8}=\frac{8}{8}=1{\small.}\)

Бөлімдері бірдей бөлшектерді алу үшін бірінші бөлшектің алымынан екінші бөлшектің алымын азайтып, бөлімін сол күйінде қалдыру керек:

\(\displaystyle \frac{5}{8}-\frac{3}{8}=\frac{5-3}{8}=\frac{2}{8}=\frac{1}{4}=0{,}25{\small.}\)