Сандардың айырмасын табыңыз:
\(\displaystyle \left(-\frac{3}{5}\right)-0,7=\) |
\(\displaystyle (-a)\) теріс санынан \(\displaystyle b\) оң санын азайту үшін келесіні орындау қажет:
1) \(\displaystyle a\) оң санына \(\displaystyle b\) оң санын қосу,
2) қосу нәтижесінің алдына минус белгісін қою.
\(\displaystyle (-a)-b=-(a+b)\)
\(\displaystyle \left(-\frac{3}{5}\right)-0,7=\,?\)
Жоғарыда сипатталған ережеге сәйкес,
\(\displaystyle \left(-\frac{3}{5}\right)-0,7=-\left(\frac{3}{5}+0,7\right)\).
\(\displaystyle \frac{3}{5}+0,7\) қосындысын табайық.
Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде ұсынайық:
\(\displaystyle 0,7=\frac{7}{10}\).
Алынған бөлшектерді \(\displaystyle 10\)-ға тең ортақ бөлгішке келтіріп, қосайық:
\(\displaystyle \frac{3}{5}+0,7=\frac{3}{5}+\frac{7}{10}=\frac{3\cdot 2}{5\cdot 2}+\frac{7}{10}=\frac{6}{10}+\frac{7}{10}=\frac{6+7}{10}=\frac{13}{10}\).
Осылайша,
\(\displaystyle \left(-\frac{3}{5}\right)-0,7=-\left(\frac{3}{5}+0,7\right)=-\frac{13}{10}\).
Жауабы: \(\displaystyle -\frac{13}{10}\).