Skip to main content

Теориясы: Сандарды көбейтуге берілген есептер

Тапсырма

Қоймаға шприцтері бар \(\displaystyle 356\)жәшік әкелінді. Дәріханаларға \(\displaystyle 277\)жәшік таратылды, қалғандары қалалық емханаға берілді. Егер бір жәшікте \(\displaystyle 75\) шприц болса, қалалық емханаға қанша шприц келіп түсті?

Шешім

Бірінші амал.

Қалалық емханаға қанша шприц жәшігі берілгенін табамыз:

 

\(\displaystyle 356-277=79\).

Екінші амал.

Әр жәшікте \(\displaystyle 75\) шприц бар болғандықтан, емханаға берілген шприцтердің жалпы санын табу үшін \(\displaystyle 75 \)және \(\displaystyle 79 \)санын көбейту керек:

 

   \(\displaystyle 7\)\(\displaystyle 9\)
  \(\displaystyle \times\)  
   \(\displaystyle 7\)\(\displaystyle 5\)
 
  \(\displaystyle 3\)\(\displaystyle 9\)\(\displaystyle 5\)
\(\displaystyle +\)    
 \(\displaystyle 5\)\(\displaystyle 5\)\(\displaystyle 3\) 
 
 \(\displaystyle 5\)\(\displaystyle 9\)\(\displaystyle 2\)\(\displaystyle 5\)

 

Осылайша, емханаға берілген шприцтердің жалпы саны \(\displaystyle 5925\) дананы құрайды.

Жауабы:  \(\displaystyle 5925\)шприц.